×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Қаңтардағы ҰБТ-да қанша оқушы "құлағаны" белгілі болды

Қаңтардағы ҰБТ-да қанша оқушы "құлағаны" белгілі болды
ЖИ / ulysmedia.kz

Ұлттық тестілеу орталығы қаңтар айындағы ҰБТ-ның қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНША ОҚУШЫ ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

ҰТО мәліметінше, тестілеуді 164 мыңға жуық адам тапсырды. Оның ішінде:

  • талапкерлердің 70%-ға жуығы шекті балл жинады;
  • орташа балл – 66 балл;
  • ең жоғары балл – 139 балл;
  • ерекше білім беру қажеттілігі бар 392 талапкер қатысты.

ЕРЕЖЕ БҰЗҒАНДАР

Ереже бұзғаны үшін 197 адамның нәтижелері жойылды:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 101 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 96 адам шығарылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

ҰБТ ТУРАЛЫ

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына бес рет тапсыра алады. Оның үшеуі ақылы оқуға түсу үшін (қаңтар, наурыз, тамызда), қалғаны (мамырдан бастап маусымға дейін) мемлекеттік грантқа түсу үшін тапсырылады. 

ҰБТ-ның жүргізілуіне 3,5 сағат, яғни 210 минут беріледі. Қатысушының тапсырмаларды мінсіз орындаумен ала алатын ең жоғары тест бағасы - 140.