×
479.26
546.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.26
546.21
6.13

Си Цзиньпин ұлты қазақ дәрігерді партияның ең жоғары орденімен марапаттады

Бүгін, 17:50
Си Цзиньпин ұлты қазақ дәрігерді партияның ең жоғары орденімен марапаттады
12371.cn

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуына орай партияның ең жоғары марапаты – «1 шілде» орденін табыстау рәсімі өтті. Биылғы сегіз лауреаттың бірі – қазақ ұлтынан шыққан дәрігер Оқас Сүлеймен болды. Ол бұл жоғары марапатқа ие болған алғашқы этникалық қазақ атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«1 ШІЛДЕ» ОРДЕНІ ТУРАЛЫ

Салтанатты рәсім 1 шілде күні Бейжіңдегі Халық жиналыстарының үлкен залында өтті. Марапаттарды лауреаттарға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин табыстады.

«1 шілде» ордені – Қытайдағы партия ішіндегі ең жоғары марапат. Ол бес жылда бір рет елдің дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға табысталады. 2026 жылы бұл орденге партия мен қоғамға ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен сегіз адам лайық деп танылды.

ОҚАС СҮЛЕЙМЕННІҢ ЕҢБЕГІ

Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, Оқас Сүлеймен 40 жылдан астам уақыт бойы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Дөрбілжін ауданында дәрігер болып еңбек еткен.

Ол шалғай ауылдар мен малшылар қоныстарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, ауа райының қолайсыздығына қарамастан науқастарға атпен жеткен кездері де аз болмаған.

Дәрігер қызмет еткен жылдары 100 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетіп, 3 200-ден астам әйелдің босануына медициналық көмек көрсеткен.