×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Жамбыл облысында полицей өзін атып өлтірді

Жамбыл облысында полицей өзін атып өлтірді
Ашық дереккөзден

Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция қызметкері полиция бекетінде суицид жасаған. 

МӘН-ЖАЙ

Оқиға Тараздан бес шақырым жердегі Жасөркен ауылында болған. 

 – 12 ақпанда 2003 жылы туған полиция сержанты ПМ табельдік тапаншасымен басынан атып тастады, - делінген ZTB жазбасында.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Ұлысмедиа тілшісі облыстық полиция департаментінің пікірін сұрады. Ведомство бұл жайтты растады. 

- "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіледі. ҚР ҚІЖК нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, дейді ПД өкілдері. 

ЖОЛ АПАТЫ

Еске салайық, 12 ақпанда Жамбыл облысында тағы бір полицей қаза тапқан болатын. Полиция департаментінің қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде, жол апатынан қаза тапты. 

11 ақпан күні сағат 19:40-та «Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.