×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

Экс-депутат Нұржан Әлтаевті этаппен Жезқазғанға әкетті

Бүгін, 17:02
Экс-депутат Нұржан Әлтаевті этаппен Жезқазғанға әкетті
Ulysmedia коллажы

"Ел тірегі" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топты басқарған мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев Семей қаласынан Жезқазған қаласындағы түзеу мекемесіне әкетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан ІІМ ресми хатында сотталған мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың әйеліне оның Семей қаласынан Жезқазғанға әкетілгенін хабарлаған. Мұндай әрекеттердің себептері нақты хабарланбаған жоқ, деп жазады Азаттықү

Ulysmedia редакциясының сұрауына ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде мұндай ақпарат жария етілмейтіні жөнінде жауап келді.

Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сот тағайындаған жазасын өтейді.  "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңның 15-бабына және ҚАК 93-бабына сәйкес сотталғандардың жеке істерінен өзге де ақпарат жария етілмейді, - делінген жауапта.

Заңға сәйкес (ҚР ҚИК 25-бабы) сотталған адамның қай жерде жазасын өтейтіні жақын туыстарына хабарланады.

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНЕ ӨТІНІШ

Тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының мүшелері бүгін Астанадағы әділет министрлігі ғимаратына келіп, партияны тіркеу жөнінде өтініш түсірген еді. Ұйымның уәкілетті хатшысы Айнұр Алтынбекова әділет министрлігіне 30-шы рет келіп отырғандарын айтады. 

СОТТАЛЫП КЕТКЕН ӘЛТАЕВ

Осы ұйымның жетекшісі әрі бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 2023 жылы қарашада 10 жылға сотталып кеткен еді. Сот оны жемқорлық жасады деген айыппен соттаған.  Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде 2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алды деп хабарлаған еді.. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған.

Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты «сандырақ» деп атаған. 

Қазақстанның құқық қорғаушылары оны “саяси тұтқын” деп таниды.