×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

«Украинаның тағдырын Украинасыз талқылауға болмайды» – СІМ басшысы Сибига

Бүгін, 18:48
«Украинаның тағдырын Украинасыз талқылауға болмайды» – СІМ басшысы Сибига
Global Look Press

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Киев пен Еуропаны соғысты аяқтау туралы болашақ бейбіт келіссөздерден тыс қалдыруға болмайды деп мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сибиганың айтуынша, 2025 жылы соғысты аяқтау үшін бірге жұмыс істеу бәрінің мүддесіне сай келеді.

2025 жылы соғысты аяқтау үшін бірге жұмыс істеу біздің мүддемізге сай іс. Біз жай ғана соғыс қимылдары тоқтағанын қаламаймыз. Украинаны Украинасыз немесе Еуропасыз Еуропаны талқылауға болмайды, - деді ол.

Украинаның НАТО-ға мүшелігі альянс үшін өзінің қауіпсіздігіне кепілдік берудің ең сенімді және қол жетімді әдісі болып қала береді, ал келіссөздер барысында Украинаның аумақтық тұтастығына немесе егемендігіне нұқсан келтіретін мәміле болмауы керек, деп қосты министр.

ТРАМП ПУТИНМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Күні кеше Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ президенті Дональд Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесетінін айтқан еді. Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде Украинадағы соғысты аяқтауға ниетті екенін бірнеше рет атап өткен.

Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен де телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Украина президентінің кеңсесі хабарлады. Украина президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвиннің айтуынша, Зеленский мен Трамптың әңгімесі шамамен бір сағатқа созылған.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Мемлекет басшысы өңір жастарымен жүздескен сәтінде Украинадағы жағдай жөнінде пікір білдірген. “Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деп айттық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды. Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл – жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді” дейді ол.