Астанадағы вокзалда трансформаторлар салынған контейнер жарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Төтенше жағдай ескі вокзалда болған.
- 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 00:30-да Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, контейнерде электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған, – делінген ҚТЖ хабарламасында.
АДАМ ШЫҒЫНЫ БАР МА
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болған.
Құзырлы органдар бұл жайтқа қатысты тергеу амалдарын бастап кетті.