Павлодар облысында колония басшысының орынбасары ұсталды деген ақпарат тарады. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша құзырлы органдар қылмыстық іс қозғады.
БІРНЕШЕ АДАМ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірқатар мекеме қызметкерлері мен өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері жауапкершілікке тартылды. Мекеме басшысы қызметінен босатылды.
ҚАЖК заңсыз әрекеттер толыққанды тергелетінін мәлімдеді. Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.