Жамбыл облысында бұзақылық және мектеп оқушысының өліміне қатысты айыпталған екі жасөспірімге үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Қылмыс 2024 жылдың мамыр айында Мерке ауданында болған. Екі жасөспірім арасында жанжал шығып, бірі екіншісінің талабымен металл кастетті қолданып, зардап шегушінің басынан ұрып, қашып кеткен. Оқушы оқиға орнында қаза тапқан.
СОТ ҮКІМІ
Марқұмның туыстары айыпталушыларды қатал жазалауды сұрады. Айыпталушылар кінәсін ішінара мойындады. Үкім бойынша бастамашы ретінде жасөспірім Б.-ға 11 жыл, жасөспірім С.-ға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, әр айыпталушының заңды өкілдерінен 10 млн теңге моральдық зиянды өтеу ретінде өндірілуге тиіс.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.