×
497.89
520.89
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
520.89
5.47

Бұрынғы Ақтау әкімінің орынбасарын ұстап берген адамға сыйақы тағайындалды

14.02.2025, 21:15
Бұрынғы Ақтау әкімінің орынбасарын ұстап берген адамға сыйақы тағайындалды
Коллаж Ulysmedia

Бұрынғы Ақтау әкімінің орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланып, оның орналасқан жері туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тимур Сәдуақасов алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша күдікке ілінген. Ол "MonolitTas" ЖШС директоры болған кезде қылмыстық іс қозғау мәселесін оң шешу мақсатында лауазымды тұлғаларға пара беруге тырысқан.

"Tioline" ЖШС-ін басқарған кезінде Долгалев пен басқа құрылтайшылар арасында Обуховское кен орнындағы үлесті анықтау және одан түскен табысты бөлу мәселелеріне қатысты келіспеушіліктер болған. Бұл даулар сот арқылы шешілген. Алайда Долгалев Сәдуақасов арқылы құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларын сатып алып, кейбір құрылтайшыларға қарсы қылмыстық іс қозғауға тырысқан. Бұл арқылы ол серіктестеріне қысым жасап, олардың заңды талаптарынан бас тартуын көздеген", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі "Tioline" ЖШС-нің Обуховское кен орнында заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру ісін тергеп, тергеуді аяқтаған болатын. Қазір бұл іс сотта қаралуда.

Тимур Сәдуақасовқа қатысты алғашында ақтау үкімі шыққан, алайда кейін бұл шешімнің күші жойылғаннан кейін ол жасырынған.

"Іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Телефондар: +7(7152)46-98-18 (кезекші бөлім), Call-center: 1458. Ақпарат берушілерге сыйақы және анонимділік кепілдендірілген", – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовтың Іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланғанын хабарлаған едік.