Қазақстанның 15 өңірінде 15 ақпан күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жетісу облысының солтүстігінде және таулы аудандарында түнде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз Алакөл көлдері аймағында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде қар жауады, шығысында аздаған қар, боран болады. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Жезқазғанда күндіз көктайғақ болады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауады, шығысында аздаған қар, боран күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында кей уақытта тұман түседі. Қарағандыда күндіз жолдарда көктайғақ болады.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен орталығында тұман болады. Қызылорда қаласында түнде көктайғақ пен тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 16 м/с, 17 ақпан күні екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанайда тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде боран күтіледі. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман болады.
Абай облысының солтүстігінде түнде боран күтіледі. Солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында боран күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты қар күтіледі. Облыстың батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шымкентте кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.
Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігі, батысы және таулы аудандарында түнде қар жауып, боран соғады, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Таразда кей уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығысы мен орталығында тұман болады. Ақтау қаласында күндіз көктайғақ күтіледі.