×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті

14.02.2025, 23:55
Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті

Euronews басылымының ақпаратынша дәрігерлер жұма күні Рим Папасы Францискті ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ватиканның мәліметінше, 88 жастағы понтифик бронхитке байланысты медициналық тексеруден өтіп, қажетті ем қабылдайды.

"Өткен бейсенбіде Францискке бронхит диагнозы қойылғанына қарамастан, ол Ватикандағы резиденциясында – Әулие Марфа үйінде жабық аудиенциялар өткізуді жалғастырды", – делінген хабарламада.

Жастық шағында өкпесінің бір бөлігін алып тастаған Папа соңғы айларда денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болды, соның ішінде ұзаққа созылған бронхит ұстамалары жиіледі.

ҚҰЛАП ҚАЛҒАН ЕДІ

Желтоқсан айында ол құлап, иегін жарақаттап алған еді, ал өткен айда тағы бір құлау салдарынан оң қолын көгертіп алған.

Франциск Римдегі Джемелли ауруханасына жатқызылды. Дәл осы ауруханада оған 2023 жылдың маусым айында ішек тіндерін алып тастау және құрсақ қабырғасындағы жарықты жою операциясы жасалған болатын.

Ватиканның мәлімдемесіне сәйкес, жұма күні таңертең премьер-министр Роберт Фицомен кездесуден кейін, Франциск өз міндеттерін орындап болған соң, ауруханаға барған.

"Аудиенция аяқталғаннан кейін, Рим Папасы Франциск қажетті диагностикалық тексерулер мен бронхитке байланысты стационарлық ем қабылдау үшін Агостино Джемелли ауруханасына жатқызылды", – делінген Ватиканның ресми хабарламасында.

Понтификтің ауруханада қанша уақыт болатыны туралы ақпарат берілген жоқ.

Сенбі күні Франциск Юбилейлік жыл аясында өтетін арнайы шарада суретшілермен кездесуді жоспарлаған, сондай-ақ жексенбіде мессаны жүргізуі тиіс болатын.

ТАҒЫНАН БАС ТАРТПАЙДЫ

Айта кетейік, Рим Папасы Франциск тақтан бас тарту ниеті жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген. Өзінің "Spera" (итал. "Үміттен") атты автобиографиясында ол 2021 жылғы ішек операциясынан кейін де осындай шешім қабылдау туралы ойланбағанын жазған.