×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Психиатриялық ауруханада «тәжірибе» жүргізілгені рас па? Министрлік тексеріс бастады

Бүгін, 13:50
Психиатриялық ауруханада «тәжірибе» жүргізілгені рас па? Министрлік тексеріс бастады
ulysmedia.kz коллажы

Алматы облысының Ақтас ауылындағы Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханаға Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.Бұған әлеуметтік желілерде жарияланған жазбалар негіз болды отыр. Аурухананың бұрынғы пациенттері азаптау, мәжбүрлі еңбекке тарту, дәрі-дәрмекті заңсыз қолдану және өзге де заңбұзушылықтар болғанын мәлімдеген.

ТЕКЕСЕРІС ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Тексерісті министрлік тапсырмасы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізеді.

Мамандар ауруханының медициналық құжаттарын, пациенттерді ұсталу жағдайын, олардың құқықтарының сақталуын, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің әрекеттерін зерттейді. Тексеру жұмысына прокуратура мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі де қатысады.

– Тексеру құзырлы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Егер заңбұзушылықтар расталса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Тексеру қорытындысы бойынша келтірілген барлық дерекке құқықтық баға беріледі, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.

АЗАПТАУ, ҚОРЛАУ, ТАҢЫП ҚОЮ

Тексеруге әлеуметтік желіде жарияланған жазбалар себеп болған. Facebook желісінде жарияланған жазба авторы бұрынғы пациент Алексейдің оқиғасын баяндап, аталған медициналық мекемеде пациенттерге ұзақ жылдан бері қатыгез қарым-қатынас жасалып келеді деп мәлімдеген.

– Азаптау, қорлау, сондай-ақ «таңып қою» деп аталатын әдіс бұл мекемедегі күнделікті қалыпты жағдайға айналған. «Таңып қою» дегеніміз – айтқанға көнбеген науқасты төсекке байлап, оған 10 күннен астам уақыт бойы үзіліссіз дәрі егу. Осы уақыт ішінде оны шешпейтіндіктен, адам табиғи қажеттілігін де сол күйі өтеуге мәжбүр болады. Әрбір екпеден кейін науқас адам төзгісіз физикалық ауырсынуды бастан кешіреді, – делінген желіде жарияланған жазбада.

Сондай-ақ жазба авторы пациенттер аурухананың шаруашылық жұмыстарына ақысыз мәжбүрлі түрде тартылатынын, мекеме қызметкерлерінің киімдерін қолмен жуатынын, ауыр тұрмыстық жағдайда ұсталатынын, психотроптық препараттарды қолданып «тәжірибелер жүргізілетінін» айтады.

Бұдан бөлек, жазбада пациенттер арасында өз-өзіне қол жұмсау және қайтыс болу деректері болғаны туралы да айтылады.

Алайда келтірілген бұл айыптаулардың ешқайсысы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Олардың қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін тексеру жұмыстары анықтауы тиіс.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ МЕКЕМЕ

Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханаға – Қазақстандағы осындай бейіндегі жалғыз медициналық мекеме. Мұнда соттың шешімімен психиатриялық көмекке мұқтаж деп танылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілген адамдар ем қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пациенттердің 80 пайыздан астамы бұған дейін адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған. Осыған байланысты ауруханада қауіпсіздіктің ерекше режимі қолданылады.