×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

15.02.2025, 08:10
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
armeniatoday.am

Бүгін Астана уақытымен таңғы cағат 6:52 шамасында Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жер дүмпуін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.

"Зілзала ошағы Ресей Федерациясының аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 км жерде болды" деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Жер сілкінісінің ШҚО аумағындағы есептік қарқындылығы (баллмен):

  • Қатонқарағай ауданында - 3.0 б.
  • Марқакөл ауданында - 3.0 б.
  • Үлкен Нарын ауданында - 3.0 б.
  • Күршім ауданында - 3.0 б.
  • Самар ауданында - 3.0 б.
  • Алтай қаласында - 3.0 б.
  • Боран ауылында - 3.0 б.
  • Риддер қаласында - 2.0 б.
  • Зайсан қаласында - 3.0 б.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.