×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Турфирма арқылы қажылыққа бару: ІІМ алаяқтардан сақтануға шақырды

15.02.2025, 11:13
Турфирма арқылы қажылыққа бару: ІІМ алаяқтардан сақтануға шақырды
Ulysmedia коллажы

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды умра мен қажылықты ұйымдастыратын туристік фирмаларды талдап, зерттеп таңдап, алданып қалмауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ ЕСКЕРТУІ

ІІМ қажылықты ұйымдастыруда сенімді компанияны таңдау маңызды екенін ескертеді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, алаяқтардың айласына түсіп, ақшадан айырылып қалмас үшін төмендегі сақтық шараларын ұстану қажет:

Фирманың лицензиясын және ол туралы пікірлерді тексеріңіз. Мұндай сапарларды ұйымдастырумен айналысатын ресми туристік фирмалардың мемлекеттік лицензиясы болуы керек. Клиенттердің пікірлерін зерттеңіз. Туроператорлар әр туристке туркод ұсынуы тиіс.

Тым төмен бағаға қызығып, алданып қалмаңыз. Егер сізді төмен бағамен қызықтырса, асықпаңыз, мұндай ұсыныстар көбінесе алаяқтықпен байланысты болуы мүмкін. Түрлі турфирмалардың бағаларын салыстырып, олардың нарықтық бағаға сәйкестігін анықтап алғаныңыз жөн.

Құжаттар мен келісімшартты тексеріңіз. Барлық келісімшарттарды мұқият оқып шығыңыз. Әрбір тармаққа жіті назар аударыңыз, бұл келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Егер сізге бір нәрсе түсініксіз болса, маманмен кеңесуді ұмытпаңыз.

Байланыс деректеріне назар аударыңыз. Сенімді турфирманың әрқашан байланыс телефоны, электронды поштасы және нақты мекенжайы болады. Алаяқтар көбінесе байланыс деректерін көрсетпей, виртуалды парақшалардың артында жасырынуы мүмкін.

Тур бағдарламасын мұқият зерделеңіз. Турдың құнына не кіретінін анықтаңыз (ұшу, тұрғын үй, көлік, тамақтану, медициналық сақтандыру және басқа қызметтер). Барлық қажетті шығындардың ескерілгеніне және кездейсоқ төлемдердің болмайтынына көз жеткізіңіз.

БАС МҮФТИ НЕ ДЕДІ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұған дейін ҚМДБ-ның қажылық бөлімі осы мәселемен айналысып, азаматтарға кеңес беріп жатқанын айтқан еді. Оның сөзінше, елді алдаған турфирмалардың басқармаға қатысы жоқ.