Сот Атбасар колониясындағы азаптау ісінде сотталушыларды ақтағаннан кейін Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) азаптауға қарсы коалициясы бас прокурор Берік Асыловқа жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Құқық қорғаушылар белсендіні азаптау туралы оқиға видеодан кейін ғана белгілі болғанын, ол бейнеде колония қызметкерлерінің тұтқынды азаптағаны анық көрінетінін атап өткен.
Колония қызметкерлері бастапқыда адамды азаптау ауыр қылмыс екенін білуі керек еді. Бұл жағдайда да барлық істердей олар өз әрекеттерінің заңсыздығын білмеуі жауапкершіліктен босатпайды, – делінген үндеуде.
Коалиция тек 12 адам сотталушы орындығына отырғанына назар аударды, ал жәбірленуші азаптауға колонияның одан да көп қызметкері қатысқанын хабарлаған. Айтпақшы, жәбірленушілердің саны да көп – 41 адам.
АЗАПТАУДАН "КӨШБАСШЫ"
Құқық қорғаушылар Атбасардағы колонияның үстінен азаптауды жиі қолданатыны жөнінде шағымдар бірнеше рет түскеніне назар аударған. 2020 жылы БАҚ бұл мекеме зорлық-зомбылық туралы шағымдардың саны бойынша елдегі көшбасшы болғанын хабарлаған.
2025 жылғы қаңтарда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде әмбебап мерзімді шолу бойынша Қазақстан Республикасының есебі кезінде Астананың ресми өкілдері БҰҰ сарапшыларын Қазақстанның азаптауды қолдануға қарсы күреске бейілділігі барын сендірген. Алайда "Атбасар кейсі" Қазақстанның Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауға берген уәделері мен кепілдіктеріне күмән туғызатынын көрсетті, — делінген хабарламада.
Коалиция алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге прокурорлық наразылық енгізуге, сондай-ақ істі барлық айғақтарды ескере отырып қайта қарауға, азаптауға күдікті колонияның барлық қызметкерлерін жауапқа тартуға шақырды.
АҚТАЛҒАНДАР
Атбасар түрмесінде Тимур Дәнебаевті азаптағандарды ақталып кеткенін бұған дейін жазған едік. Іс алқабилердің қатысуымен қаралған. Қылмытсық атқару жүйесінің бұрынғы 12 қызметкерінің бәрі ақталып шықты. Қамауға алынған үш адам босатылды. Қазір барлық ақталғандар "заңсыз қылмыстық қудалау" үшін өтемақы талап етуге құқылы.