×
497.89
520.89
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
520.89
5.47

Абай және ШҚО әкімдерінің қашан тағайындалатыны белгілі болды

15.02.2025, 13:20
Абай және ШҚО әкімдерінің қашан тағайындалатыны белгілі болды
Коллаж Ulysmedia

Абай және Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттарының депутаттары дүйсенбіде сессияға жаңа әкімдерді тағайындауға келісім беру үшін шақырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстанның әкімін тағайындау бойынша жиын 17 ақпан күні таңғы сағат 10.00-де өткізілсе, Абай облысының тізгінін ұстайтын жаңа әкімнің есімі 11.00-де белгілі болмақ.

ЕКІ ЭКС-ӘКІМ ҚАЙДА КЕТТІ

Естеріңізге сала кетсек, 14 ақпан күні аталған екі өңірдің басшылары қызметінен босатылған. Шығыс Қазақстан облысын 1 жыл 8 ай басқарған Ермек Көшербаев вице-премьер болып тағайындалды.

Ал 2022 жылдың маусымынан бері Абай облысына басшылық етіп, өкілеттігі тоқтатылған Нұрлан Ұранхаевтың болашақта қандай қызметке баратыны әзірге белгісіз.