×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Ақтауда тұрғындар төртінші күні ауызсусыз отыр

16.02.2025, 12:13
Ақтауда тұрғындар төртінші күні ауызсусыз отыр
Жасанды интеллект/Ulysmedia

Ақтаудың 2-ші шағын ауданындағы №3 үй тұрғындарының ауызсусыз отырғанына төртінші тәулікке кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйдің аузсуы 13 ақпанда тоқтаған. Қызмет көрсетуші компания «Нұрике» ТПК мәселені тез арада шешетінін айтқан, бірақ содан бері су берілмеді. Енді жауапты компания аузсу 17 ақпанда беріледі деп отыр.

Адамдардың бірі жертөледе пластик құбырдан су ағып тұрғанын видеоға түсіріп алған. Шамасы ақау осы жерде болса керек.

- Есептеу аспабы айналады, ал су жертөлеге кетіп жатыр. Бүгінге дейін қанша су ақты? Оның бәрін бізд төлейміз бе?! Мұқият қарап, жөндеуді талап етеміз, - деп шулады тұрғындар.

ӘКІМ НЕГЕ ЖАУАП БЕРМЕЙДІ?

Халық бұл мәселе туралы Маңғыстау облысы әкімінің Telegram-дағы парақшасына жазған, бірақ билік тарапынан жауап болмаған. Көпшіліктің айтуынша, бұл үйде апатты жағдайлар жиі болып тұрады. Былтыр қараша айында құбыр жарылып, тұрғындар ұзақ уақыт жылусыз қалған.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр жыл соңында Ақтаудың 17-ші шағын ауданындағы "Айрақты" тұрғын үй кешенінің адамдары ыстық-суық судың болмауына байланысты наразылық білдірген. 2024 жылғы 30 қазанда қалада магистральдық құбырда шұғыл жөндеу жүргізілгендіктен қаланың 14-ші шағын ауданында да ауызсу ішінара өшірілген.