Алматы қаласының мәдениет басқармасы шаһардағы хайуанаттар бағын Алатау қаласы аумағына көшіру туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ведомство өкілдері Алматы хайуанаттар бағы қазір жұмыс істеп тұрғанын және басқа қалаға көшу жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.
Қала аумағын дамыту жоспарында зоогеографиялық қағидаттар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес хайуанаттар бағын жаңғырту және қайта қалпына келтіру көзделген. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау жоспарланған. Қайта құру 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде қаладағы хайуанаттар бағы Алатау қаласына көшіріледі деген ақпарат тараған. Мұндай шешім бірқатар министрлік өкілдерінің қатысуымен жобалық кеңсенің отырыстарында қабылданды деп айтылды.
Алматы қалалық мәдениет басқармасы бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.