×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Баламыз Қазақстанға барып, орысша үйреніп келді — Сингапурдағы қазақтар

Баламыз Қазақстанға барып, орысша үйреніп келді — Сингапурдағы қазақтар
скриншот - Sayahat time

Сингапурда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар балалары Қазақстанға барып, орысша үйреніп келгенін айтты. Бұл туралы қазақстандықтар блогер Ернар Алмабектің YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Данияр мен жары Гүлзат Сингапурда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар. Олардың елде тұрып жатқанына үш жылдай болған. 

- Көшудегі мақсатымыз ел, жерді көріп қайту болды. Жалпы баламыз қазақша сөйлейді. Жасы 3 жарымда. Қазақстанға барған кезде тіл жағынан қиын болды. Себебі Астанада тұрған кезде қазақша сөйлейтін балаларды аз кездестірдік. Баламыз кішкене орысша үйреніп келді, дейді Гүлзат Sayahat time арнасына берген сұхбаттарында. 

Ол Қазақстаннан бір жолға көшіп кету деген мақсаттары жоғын айта кетті. 

-  Немесе Қазақстанды кем көрмейміз. Біздің мақсатымыз сол – ел-жерді көріп қайту. Мәдениеттерді салыстырып көру. Баламыз әлем кең екенін байқасын, соны түсінсін дейміз. Бірақ елін, жерін жақсы көрсін, өзінің тілін, өзінің кім екенін ұғынып жүрсін дейміз, дейді Гүлзат.  

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАР

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz порталы Отандастар қорына шетелдегі қазақтардың саны жөнінде сауал жолдаған болатын. 

Ресей. Ресейдегі қазақтардың саны 2021 жылғы санақ бойынша 592 мың адам. Олардың басым үлесі Астрахан, Саратов, Омбы, Самара, Орынбор, Челябі және Волгоград облыстарын, Алтай өлкесі мен Алтай Республикасын мекендейді.

Қытай. Қытай қазақтары негізінен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, оның ішінде Іле-Қазақ автономиялық округінде, Алтай, Тарбағатай округтерінде, Санджи-Хуэй автономиялық округінде, Үрімші қалалық округінде, Хами округінде, Боротала-Моңғол автономиялық округінде шоғырланған. Статистикалық деректер бойынша Қытайда 1,6 миллионға жуық қазақ тұрады.

Өзбекстан. Өзбекстанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің 2021 жылы жариялаған мәліметіне сәйкес қазақтардың саны 821,2 мың адамды құрайды. Өзбекстан қазақтарының негізінен тұру аймақтары Қарақалпақстан, Ташкент, Науаи, Жизақ, Сырдария, Бұхара және Хорезм облыстары мен Ташкент қаласы.