×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Үкіметтің жұмысында не шаруаларың бар — желіде актердің сөзі қызу талқыға түсті

Үкіметтің жұмысында не шаруаларың бар — желіде актердің сөзі қызу талқыға түсті
Ашық дереккөзден

Белгілі актер, спортшы Еркебұлан Тоқтар үкіметтің жұмысына қатысты айтқан сөзі үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Актер қазақстандық басылымдардың біріне берген жауабында жекіріп сөйлеп жіберген. 

- Үкіметтің жұмысында не шаруаларың бар? Әркім өз жұмысымен айналысуы керек қой. Оны (жалақының аздығы, қымбатшылықты) қалай өзгертпекшісің? Мысалы мен өз жұмысыммен айналысамын, басқаның жұмысында шаруам жоқ. Өз жұмысымды жақсы істесем, өмірім жақсы болады. Тура сондай түсінік бүкіл халықта болуы керек. Үкіметтің жұмысына көңілім тола ма, толмай ма – айта алмаймын. Мен өз жұмысыма қатысты айта аламын. Өзімнің жұмысыма көңілім толады. Еңбектенемін, таңертең тұрамын, жұмыс істеймін, деген еді актер. 

Еркебұланның бұл сөзін біреулер жақтаса, енді бірі қарсы шыққан. 

- Қысқасы, өзімнің қарным тоқ, елде шаруам жоқ дейсің ғой. 

- Миға сиятын дені дұрыс орынды әңгіме айтып отыр!

- Бауырым, өзіңді ғана ойламасайшы. 

- Үкіметтің жұмысында неге шаруамыз жоқ? Үкімет халық үшін жұмыс істемесе не керегі бар???

- Дұрыс, әркім өз өмірі үшін өзі жауапты! Біреуден бірнәрсе күтудің қажеті жоқ! Тек өзіңе сен!!! Әрекет болса, берекет бар!, деп пікірлер екіге жарылған. 

ЕРКЕБҰЛАННЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Артынша Еркебұлан Тоқтар не үшін мұндай мәлімдеме жасағанын түсіндірді

- Журналист тоқтатып, сұрақ қойды. Ол сұраққа жауап бердім, өз ойымды айттым, жақсы да, жаман да пікірлер жазылды.  Жаман пікір жазғандардың көбі мені “үкіметтен қорқады” деп жазды. Мен үкіметтің жұмысында істемеймін, үкіметтің киносына түсіп жатқан жоқпын, үкіметтің ақшасын алып отырған жоқпын. Сондықтан үкіметтен қорықпаймын. Мен қорықсам, бұқараға не ұнаса, соны айта салар едім. Бірақ мен шынайы азаматтық ойымды айттым. Себебі мен аспаннан салбырап түскен жоқпын, біз 15 жылдай бейшара болып өмір сүрдік, дейді Еркебұлан. 

Актер ата-анасы өмір бойы базарда жұмыс істеген адамдар екенін айтты. 

- Дағдарыс, карантин болды. Сол кезде бизнестері құрдымға кетті. Мен актер болып бір сериалға бір жыл түссем, миллион теңге ғана алсам ай сайын тек 80 мыңнан түседі. Ол жетпейді. Мен ақша жетпеген соң лигаларға шығып, қолымнан төбелесу келетін сияқты деп қосымша жұмыс істедім. Анау кінәлі, мынау кінәлі демей, өзім өзгерте алатын нәрсені өзгертуге тырыстым. Егер жол ережесін бұзбасаң айыппұл алмайсың, мен ҚҚС деп айғайлағаннан шаруа шешіле қоймайды. Сол үшін өзім білетін нәрсемен айналысамын, өзім білмейтін нәрсеге мұрын сұқпаймын. Өзгерте аламын-ау деген нәрсені өзгертіп жүрмін, дейді актер.