×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Астанада лифтіде пышақталған бала ауруханадан шығады

Астанада лифтіде пышақталған бала ауруханадан шығады
Видео кадры

Дәрігерлер Астанада бетінен пышақталған баланың қазіргі жай-күйін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Медет Нұғмановтың сөзінше, зардап шеккен баланың жалпы жағдайы жақсы. 

- Баланың ешқандай шағымдары жоқ. Бүгін таңу жасаған кезде жара тігістері жартылай алынды. Жараның қабыну белгілері жоқ. Сондықтан ертең баланы үйіне шығаруды жоспарлап отырмыз, дейді Медет Нұғманов. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, жантүршігерлік жайт 11 ақпанда болған. Жәбірленуші бала небәрі 5 жаста.  Лифт ішінде пышақпен балаға шабуыл жасаған адам – психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Полиция департаментінің мәліметінше, олар «баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады». Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БАЛАНЫ ПЫШАҚТАҒАН ЖАСӨСПІРІМ ҚАЙДА

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы 2010 жылдың 7 тамызында туған кәмелетке толмаған балаға қауіпсіздік шаралары қолданылып, бір ай мерзімге психиатриялық стационарға жатқызылғанын хабарлады.

- Науқасқа күшейтілген бақылау режимі белгіленді, деп атап өтті басқарма өкілдері.

Бұл шешім Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы негізінде қабылданған.