×
435.1
493.27
5.69
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
435.1
493.27
5.69

Иманбек MTV арнасының таңдауы бойынша жыл музыканты атанды

27.12.2021, 11:52
Фото: ашық дереккөзден

Ресейдің MTV арнасы 2021 жылдың ең үздік әншілерін марапаттады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ол тізім бойынша биылғы жылдың он үздік музыканты: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

«Жыл музыканты» марапаты индустрияға елеулі үлес қосқан талантты орындаушылардың жетістіктерін ерекше атап өтеді. Бұл музыканың жоғары сапасы, өзіндік ерекшелігі, аудиторияның мойындауы және кәсіби орындаушылық мәдениеті біріктірілген түрлі жанрдағы жарқын, өзінше бірегей өкілдер», - деп атап өтті MTV.

Естеріңізге сала кетейік, Иманбек Зейкенов биыл әлемдегі ең беделді Грээми сыйлығын жеңіп алды. Пандемияға байланысты мүсін оның қолына жеті ай өткен соң, бір-ақ тиді.