×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

ҚМДБ ораза кестесін ұсынатын арнайы бот жұмыс істейтінін айтты

18.02.2025, 21:15
ҚМДБ ораза кестесін ұсынатын арнайы бот жұмыс істейтінін айтты
Коллаж Ulysmedia

Желі қолданушылар ораза кестесін бот арқылы жүктеп ала алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына орай @MuftyatBot Telegram-ботын іске қосты.

Бот жұмысын Рамазан айына орай өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырған.

Тимур Орынханның айтуынша, Telegram қолданушылары жаңа бот арқылы Рамазан кестесін жүктеп, мүфтият ресми сайтында жарияланған ақпараттар мен мақалаларды, сұрақ-жауап, пәтуаларды оқи алады.

Сондай-ақ бот арқылы діни сұрақтарын қойып, Шариғат және пәтуа мамандарынан жауап алуына мүмкіндік бар.

ОРТАҚ ПӘТУӘ

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

ПІТІР САДАҚА МӨЛШЕРІ

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.