Каспий құбыр консорциумы (КҚК) объектісіне жасалған шабуыл Қазақстанның үшінші елдер арқылы мұнай экспортына тәуелділігі мәселесін тағф да күн тәртібіне шығарды. Экономист Расул Рысмамбетов бұл оқиға мұнай саудасындағы Қазақстан инфрақұрылымының осал екенін көрсетер айқын мысал деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Экономист Расул Рысмамбетов бұл шабуыл инфрақұрылымның осалдығын және Қазақстанның үшінші елдер арқылы экспортқа тәуелділігін тағы да көрсеткенін атап өтеді.
Бірақ шабуыл экспорттың дұрыс бөлінбей, ел ішінде мұнай-химия өндірістерін іске қосу қажеттілігінің айқын тәуекелін де ашып берді. Үшінші елдерден өту кезіндегі геосаяси және басқа да тәуекелдерді екіге сенімді түрде көбейтуге болады, - деді ол.
Оның пікірінше, әзірге ауыр зардаптар жоқ, бірақ егер инфрақұрылымға шабуыл жалғаса берсе, онда жағдай айтарлықтай нашарлауы мүмкін, әсіресе Қара теңіздегі қауіпсіздік мәселелері күн тәртібіне шығады.
Шабуылдың аздығы қазір Қазақстанды құтқарып тұр. Қате түсініктерге қарамастан, мұнайдың Chevron сияқты алыпқа тиесілі болуы да ешкімді тоқтата алмайды. Керісінше, осындай инфрақұрылым нысандары арқылы бүкіл елдерге ықпал етуге болады, - деп атап өтті ол.
Дүрбелең
Ол мұнай экспортының 30% төмендеуі туралы дүрбелең әлі ерте деп санайды. Айтуынша, шабуыл қашықтағы мұнай айдау қондырғысына жасалған және қазір апатты сценарий қаупі жоқ. Қазақстанның Энергетика министрлігі растағандай, қазір Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнайды айдауға шектеулер жоқ, ал шикізатты кесте бойынша қабылдап жатыр.
КҚК ақпаратына сәйкес, Теңіз – Новороссийск магистральдық мұнай құбыры 2025 жылғы 17 ақпанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 02:50 - де, транзиттік режимде, Кропоткинская ЖЗҚ қатысуынсыз іске қосылды, - деп қосты ол.
Қазақ мұнайы тасымалданатын Ресейдегі станцияға бұған дейін дронмен шабуыл жасалған болатын. Ақпаратты энергетика министрлігі таратты. Олардың айтуынша, шабуыл жасалағанын КҚК-да растады.
Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылы 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының "Кропоткинская" ЖЗҚ мұнай тасымалдау объектісі БПЛА шабуылына ұшыраған. Жарылғыш заттардан басқа метал зақымдайтын элементтермен толтырылған жеті ұшқышсыз ұшақ террористік шабуыл жасаған. Шабуыл объектінің жұмысын бұзып қана қоймай, станцияның жедел қызметкерлерін өлтіру мақсатында уақыт аралығымен жасалды.
Украина қарулы күштері Ресей аумағындағы стратегиялық нысандарға соққы бергенін ресми түрде растады.
РЕСЕЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ
Ресейдің тергеу комитеті Украина қорғаныс министрлігінің арнайы қызметінің, қорғаныс министрлігінің және басқа да әскери құрылымдардың әскери қызметшілеріне қарсы іс қозғаған. Олар Украинаның бақылауындағы аумақта және қылмыстық бұйрықтарды орындай отырып, азаматтық инфрақұрылым объектілері бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып шабуыл жасады деп айыптады.