×
500.32
545.3
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
500.32
545.3
6

Трамптың арнайы өкілі Киевке барды

Трамптың арнайы өкілі Киевке барды
Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог Киевке барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Дипломатты Украинадағы АҚШ елшісі Бриджит Бринк күтіп алған. 

- Біз әңгімелесеміз. Сосын АҚШ-қа оралып, бәрін дұрыс түсінгенімізге көз жеткізу үшін президент Трамппен сөйлесемін, дейді Келлог.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін АҚШ және Ресей өкілдерінің Эр-Риядтағы кездесуі қалай аяқталғанын жазған едік. 

КЕЛІССӨЗДІҢ МАҚСАТЫ

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл кездесудің негізгі мақсаты — Ресей-АҚШ қатынастарын толық қалпына келтіру және Украинадағы жағдайды реттеуге бағытталған келіссөздерді дайындау. Сондай-ақ, екі ел басшыларының алдағы кездесуін ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Алайда келіссөздерге Украина өкілдері шақырылмады. Вашингтон бұл мәселені келесі кезеңге қалдырғанын мәлімдеді. Бұған қарамастан, АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог сол күні Киевке аттанатыны хабарланған еді.

Украина президенті Владимир Зеленский Эр-Риядқа 19 ақпанда баруы керек еді, бірақ ол сапарын 10 наурызға шегерді. Зеленский Сауд Арабиясындағы Ресей-АҚШ келіссөздерінде Киевтің қатысуынсыз қабылданған кез келген шешімді мойындамайтынын ашық айтты.