×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

"Феминитаның" негізін қалаушы Гүлзада Сержанға айыппұл салынды

19.02.2025, 19:05
"Феминитаның" негізін қалаушы Гүлзада Сержанға айыппұл салынды
скриншот

"Феминита" қозғалысының жетекшісі Гүлзада Сержанға тіркелмеген ұйымға жетекшілік еткені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

19 ақпанда сот Гүлзада Сержанды әкімшілік кодекстің 489-бабының 9-бөлігі бойынша (тіркелмеген ұйымға басшылық жасағаны үшін) кінәлі деп таныды. Оған 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Соттан кейін Сержан бұл шешім әділетсіз деп мәлімдеді. Оның айтуынша, сотта ол бұрын білмеген үш видео ұсынылған. Олардың бірін Бағила Балтабаева, екіншісін TikTok-та белгісіз автор, үшіншісін оның сайлауалды видеосы кезінде түсірген.

13 ақпанда Алматыда "Ата-аналар одағының" басшысы Бағила Балтабаева мен оның жақтастары "Феминита" қауымдастығы ұйымдастырған адам құқықтары жөніндегі мектепке келіп, шу шығарған.

Келесі күні "Феминита" құқық қорғау ұйымының іс-шарасы өткен қонақ үйде тағы да жанжал болды. "Ата-аналар одағының" төрағасы Бағила Балтабаева бастаған ЛГБТ-ға қарсылар тобы ғимаратқа басып кірді. Олар жиналыста елдің мәдениеті мен негіздеріне жат идеялар насихатталды деп мәлімдеді. Сондықтан олар іс-шараны тоқтатуды талап етіп, оны қатты музыкамен бұзуға тырысты.