Өскемен қаласының тұрғыны 78 жастағы Тамара Бочкарёва алғаш рет Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЛАЙ БОЛДЫ?
Көп жылдар бойы Тамара Бочкарёва бұл құжаттың қажеттілігін сезінбеген, алайда зейнетақы рәсімдеу барысында жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті екені анықталған.
Полиция қызметкерлері оның барлық құжаттарын жинауға жәрдемдесіп, қажетті тексерістер жүргізіп, тиісті мекемелерге сұрау салды. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, 2025 жылдың ақпан айында Тамара Бочкарёва өзінің алғашқы жеке куәлігін қолына алған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтығынан айырылғандардан құжаттарды қабылдауда өзгерістер енгізілетінін ескерткен.
2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі пандемия кезінде енгізілген құжаттарды пошта арқылы уақытша қабылдауды тоқтатады. Енді өтінішті тек жеке келгенде ғана беруге болады.