×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Экс-сенатор Аңсар Мұсаханов өмірден өтті

Экс-сенатор Аңсар Мұсаханов өмірден өтті

Экс-сенатор Аңсар Мұсаханов өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаралы хабарды сенатор Жанболат Жөргенбаев жеткізді. 

- Қоғам және мемлекет қайраткер, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін, деп жазды сенатор Жанболат Жөргенбаев.

МҰСАХАНОВ ТУРАЛЫ

Аңсар Мұсаханов 1966 жылы Алматы облысының Күрті ауданында дүниеге келген.

Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ 

Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» совхозында жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары «КСРО-ның 60 жылдығы» атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2011-2014 жылдары Алматы облысын Серік Үмбетовтен кейін басқарған.