×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Ресей үшін соғысқан Өскеменнің екі тұрғыны Украинада қаза болды

20.02.2025, 12:05
Ресей үшін соғысқан Өскеменнің екі тұрғыны Украинада қаза болды
ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстандағы департаменті Ресей мен Украина арасындағы соғыс кезінде Өскеменнің екі тұрғынының өлгенін, соған қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлаған, деп жазады Ulysmedia.kz порталы Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап.

ЕКЕУДІҢ ӨЛІМІ

Бұл адамдар 2024 жылы Ресейге кетіп қалып, Украина аумағында соғысқа қатысқан. Қақтығыс барысында олар Донецк облысында алған жарақаттарынан өлген. Олардың денесі Өскеменге жеткізілді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жарылыстардан сынықтар ұшып, екеуі ажал құшқан   

2025 жылы Өскемен қаласының №2 соты сотталушылардың қайтыс болуына байланысты ҚР ҚК 172-бабында көзделген ("шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу") қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған. 

СЕПАРАТИЗМ ЖАЙЛЫ

Біршама уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысының Алтай аудандық сотында 43 жастағы әйел сотталған еді. Ол әлеуметтік желілерге "Шығыс Қазақстанның түбі Ресейге қосылатынын" жазып, құзырлы органдардың назарына ілінген.

Кейінгі жылдары Петропавлда сепаратизм ісі бойынша айыпталған "Халық жұмысшылар кеңесі” мүшелеріне де үкім шыққан еді.