×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Трамп Украинаға АҚШ көрсеткен көмекке аудит жүргізуді талап етті

20.02.2025, 14:22
Трамп Украинаға АҚШ көрсеткен көмекке аудит жүргізуді талап етті
ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Киевке бөлген ақшасы қандай мақсаттарға жұмсалғанын анықтауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамп Украинаға Ресейге қарсы соғысқа қаржылық көмек ретінде бөлінген ақшаның нақты қайда кеткенін анықтауды талап етеді.

Сонымен қатар, ол Украинада сайлау өткізу қажеттілігі туралы мәлімдемені қайталады, деп жазады DW.

Біз сайлау өткізе алмаймыз деп айтқан оңай. Бірақ сайлау өткізетін уақыт келді, сол ақшаның бәрі қайда кеткенін анықтайтын уақыт келді. Өйткені ол ақшаның жартысы, олардың қайда екенін білмейді, – деді Трамп.

ЭР-РИЯДТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында күні кеше Ресей мен АҚШ жоғары лауазымды тұлғалары арасында тарихи ресми келіссөздер өтті. Бұл — Украинадағы соғыс басталғалы бері екі ел арасында болған алғашқы жоғары деңгейдегі кездесу. Келіссөздердің басты нәтижесі — дипломатиялық миссиялардың толыққанды жұмысын қайта жандандыру туралы уағдаластық болды.

Ресей делегациясын сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков бастап барды. Ал АҚШ тарапынан келіссөздерге мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц және Таяу Шығыс бойынша арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысты.

ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ

Украина президенті Владимир Зеленский бүгін АҚШ президенті Дональд Трамптың өз еліне қатысты бірқатар ұсынысына жауап берген. Ол АҚШ қолдамаса, Украина Ресейді жеңе алмайтынын мойындайды. Бірақ “олар (Ресей) бізді оккупациялай алмайтыны анық” дейді.