×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Қажылыққа барам деп алданды: кемінде 650 мың төлегендер сан соғып қалды

20.02.2025, 22:50
Қажылыққа барам деп алданды: кемінде 650 мың төлегендер сан соғып қалды
Ашық дереккөзден

Алматыда 70-ке тарта адам қажылыққа ұша алмай қалды. Олар Умраға аттану үшін Qazaq umma деп аталатын компаниядан жолдама сатып алған. Бірақ кеше рейске санаулы сағат қалғанда Мекке мен Мединадан қонақүй түгілі, ұшаққа билет алынбағанын естіген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

САН СОҚҚАН “ҚАЖЫЛАР”

Қазақстандық азаматтар алдағы он күнде қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында құлшылық жасаймыз деп жоспарлаған. Басым бөлігі кеше ұшаққа мініп, бүгін қасиетті мекенге жетуі тиіс еді. Алайда рейске санаулы сағат қалғанда жолдама сатушылар олардың ешқайда ұшпайтынын мәлімдеді. Қасиетті қонақүйден орын түгілі, ұшаққа да билет алынбаған.

"18 ақпанда сабаққа келесіздер, 19 ақпанда сағат 14:40-та ұшасыздар деді. Сабағына қатысып, жан-жаққа туысқандарымыздың үйіне қонып, ертесі күні хабарын айтамыз деген. Бірақ ертесінде сағат 9-да ұшпайтын болдыңыздар, рейс болмайды деді. Qazaq umma серіктестігі біздің сенімімізге кіріп, сонда бізді алдаған ғой",- дейді алданғандардың бірі Ләззат Темірова.

Туристер алдымен Мәдина қаласына тұрақтап, кейін Меккеге аттануы керек болған. Әрқайсысы компанияға шамамен 650 мың теңгеден төлеген. Бұл қаражатқа төрт жұлдызды қонақ үйге жайғасуы тиіс еді.

КОМПАНИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Компания директоры Әділбек Тұрғымбаев банкротқа ұшырағанын айтты. Қазіргі уақытта туристерге 40 миллион теңгеден астам қарыз. Ол туристерді Мекке мен Мәдинаға жөнелте алмайтынын жеткізді. Алайда, қарыздарын қайтаруға тырысып жатырғанын айтты.

СОТҚА ШАҒЫМ

Умраға ұша алмаған туристер полицияға шағым түсіріп үлгерді. Олар ақшасын сот арқылы талап етпек.