×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Дулат Исабеков дүниеден озды

21.02.2025, 23:50
Дулат Исабеков дүниеден озды
Ашық дереккөзден

Белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл қаралы хабарды ақын Қасымхан Бегманов жеткізді:

"Қайран, Дулат ағам-ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе? Осы қазір ғана, он - он бес минут бұрын Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Әбдешұлына, қалабасының төңірегіндегі жігіттерге, басқа да ел ағаларына қаралы хабарды жеткіздім. Қазір өзім ағамның үйіне қарай кетіп бара жатырмын... Иә, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын."- деп жазды Бегманов.

ДУЛАТ ИСАБЕКОВ КІМ БОЛДЫ?

Дулат Исабеков – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, қоғам қайраткері. 1942 жылы 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Ол өз шығармаларында қазақ халқының болмысы мен тағдырын шебер бейнелеп, оқырманға терең ой салатын туындылар қалдырды.

ӘДЕБИЕТКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Дулат Исабековтің прозалық және драмалық шығармалары қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Оның "Гауһартас", "Қарғын", "Ескі үйдегі жаңғырық" сынды шығармалары оқырманның сүйікті туындыларына айналды. Сонымен қатар, ол көптеген пьесалар жазып, қазақ театр өнеріне зор үлес қосты.

МАРАПАТТАРЫ МЕН ҚҰРМЕТІ

Дулат Исабековтің еңбегі жоғары бағаланып, ол Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болды. Сонымен қатар, көптеген мемлекеттік және халықаралық марапаттардың иегері.