Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен ауыр қылмыстар жасаған қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оларға қатысты бопсалау, тонау, алаяқтық және қаруды заңсыз сақтаудың 18 эпизоды бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 26 млн теңгеден асады. Тінту шаралары барысында күдіктілерден бірнеше атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген оқ-дәрі тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да ұқсас фактілерге қатысы бар, жоғы тексеріліп жатыр, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.