×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Картоптан кейін іле-шала қырыққабат күрт қымбаттады

Бүгін, 11:53
Картоптан кейін іле-шала қырыққабат күрт қымбаттады
Ашық дереккөздерден алынды

Шымкенттің сауда орындарында қырыққабаттың келісі 300 теңгеге дейін қымбаттады. Бір апта бұрын ғана 250 теңгеден саудаланғанғ деп хабарлайды Ulysmedia.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

10 күн ішінде баға күрт көтерілді. Мысалы, жергілікті қырыққабат таусылды, мынау өзбекстандық өнім, біз оны 300 теңгеге сатамыз. Жергілікті көкөністердің қорлары таусылды. Біз жаңа өнім күтеміз. Мамырда баға төмендеуі керек, - дейді сатушы Сабыржан Бектаев.

Елімізді көкөніспен қамтамасыз етіп отырған оңтүстік өңірде баға көтерілсе, көп ұзамай басқа қалаларда да азық-түлік өнімдері қымбаттай бастады. Ол – заңдылық. Қазірдің өзінде кейбір қалаларда қырыққабат қымбаттаған. Әсіресе, Павлодар, Ақтөбе, Семей қалаларында баға күрт көтерілген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан бойынша бір келі қырыққабат орта есеппен 173 теңге тұрады.

Сондай-ақ қызылша 50 теңгеге қымбаттап, қазір оның келісі 300 теңгеден саудаланып жатыр.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ?

Еліміздің Экономика министрлігі алдағы уақытта көкөніс өнімдерінің бағасы одан әрі өсетінін болжап отыр. Бұл жағдайды олар маусымдық кезеңмен байланыстырады және алдағы болатын ҚҚС-тың көтерілуіне қатысы жоқ деп есептейді.

Айта кетейік, қазір Шымкент базарларында картоптың келісі 400 теңгеден сатылып жатыр. Ал еліміздің кейбір өңірлерінде баға бұдан да жоғары.