×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Ақсай шатқалында Қызыл кітапқа енген кеміргіш алғаш рет бейнежазбаға түсірілді

Бүгін, 13:55
Ақсай шатқалында Қызыл кітапқа енген кеміргіш алғаш рет бейнежазбаға түсірілді
Ашық дереккөздерден алынды

Қазақстанның Қызыл кітабына енген үнді жайрасы алғаш рет Ақсай сайында телефонға түсірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ile_alatau_nationalpark парақшасына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Іле Алатауы ұлттық парк мамандарының айтуынша, әдетте бұл кеміргіштің тіршілігі қыста баяулайды екен. Десе де қараңғылық қоюланғанда азық іздеп шатқалды аралап, көлік жолының бойын кезіп кететін сәттері болады.

Видеоны Ақсай филиалының мемлекеттік инспекторы Мақсат Қаирқұлов түнгі рейдте жүргенде түсіріпті.

Айта кетейік, бұған дейін жайраның Қаскелең шатқалы, Қарағайлы шатқалы, Үлкен Алматы шатқалы мен Ұлттық парктің қорғау аймағында түсірілген видео-фото материалдары бар. Ал Ақсай шатқалында алғаш рет түсіріліп отыр. Бүгінде ұлттық парк мамандары үнді жайрасына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.