×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

«Даму» қорына енді Фархат Сәрсекеев басқарады: ол жайлы не белгілі

Бүгін, 11:46
«Даму» қорына енді Фархат Сәрсекеев басқарады: ол жайлы не белгілі
Ulysmedia коллажы

Фархат Сарсекеев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨМІРБАЯНЫ

Фархат Сарсеккеев 1984 жылы дүниеге келген. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы банк секторында бастаған.

  • 2005-2006 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ шағын және орта бизнесті несиелеу басқармасында 1 және 2 санатты менеджер болып жұмыс істеген.
  • 2008-2009 жылдары – «Демир Банк Қазақстан» АҚ корпоративтік бизнес департаментінде несие менеджері.
  • 2009-2010 жылдары – «АТФ Банк» АҚ (UniCredit Group) қайта құрылымдау және проблемалық активтермен жұмыс бөлімінде бас маман.
  • 2010-2012 жылдары – Қазақстан Даму Банкі» АҚ активтерді қайта құрылымдау департаментінің бас фронт-менеджері.
  • 2012-2015 жылдары – «Сбербанк» ДБ АҚ ұлттық компаниялар және даму институттарымен жұмыс департаменті директорының орынбасары.
  • 2015-2018 жылдары – Сбербанк Қарағанды филиалының корпоративтік бизнес бойынша директор орынбасары.
  • 2018-2019 жылдары – «Даму» қорының басқарушы директоры.
  • 2019-2023 жылдары – «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2023 жылдан бастап «Фридом Банк Қазақстан» АҚ корпоративтік бизнес бойынша басқарушы директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Даму» қорын Гаухар Бурибаева басқарған еді. 

2025 жылдың 21 ақпанында ол қызметінен мерзімінен бұрын кетті.