×
502.89
527.03
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.89
527.03
5.71

Құлсарыда бір топ жігіт шатасып 17 жастағы жігітті өлтіріп кеткен

Құлсарыда бір топ жігіт шатасып 17 жастағы жігітті өлтіріп кеткен
Ulysmedia.kz коллажы

Атырауда 12 жігіт 17 жастағы жігітті өлтіріп кеткен. Істің мән-жайын "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қордың мәліметінше, бұл бір жыл бұрын болған оқиға. 

МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ НЕ ДЕЙДІ

Бұл оқиға туралы марқұм болған жігіт Эльдардың анасы айтып берген. Оның сөзінше, оқиға 2024 жылдың 18 қаңтарында болған. 

- Бір топ жігіт келген. Ұлым ол кезде 17 жаста еді, олардың ешқайсымен таныс болмаған. Олар “шатастырып алдық” деген. Ұлым достарымен бірге мейрамханада жұмыс істейтін ортақ таныстарын алып кетуге келген кезде бір топ жігіт шабуыл жасаған. Тергеу бір жылдан бері жүріп жатыр. Өкінішке қарай, адвокат жалдауға ақшамыз жоқ. Араларындағы тек біреуі үй қамаққа жіберілген, дейді Эльдардың анасы. 

ВИДЕО 

“НеМолчи” қорындағы видеоларда Эльдар отырған көлікке бірнеше ер адам жүгіріп келгенін көруге болады. 17 жастағы жігіт аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтып, қайтыс болған. Төбелес шығарған 12 адамның тек біреуі бір жыл тергеу изоляторында отырған, қазір бостандыққа шыққан. Төрт адам әскерге кетіп қалған екен.  

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Бұл оқиғаға қатысты Атырау облысының полиция департаменті пікір білдірген. Полиция мәліметінше, тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушысы анықталған. Күдіктілерге қатысты адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ бұзақылық баптарымен қылмыстық іс қозғалған.

- Сот органымен 4 күдікті бұлтартпау шарасымен қамауға алынса, 7 күдікті үйқамаққа алынды. Қылмыстық іске қатысты кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сот сараптамалары өткізілуде. Тергеу амалдары аяқталған соң қылмыстық іс сотқа жолданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды, дейді полицейлер.