×
502.89
527.03
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.89
527.03
5.71

Алматыда танымал адвокат сотталды

Алматыда танымал адвокат сотталды

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Ренат Наинбаев сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Ренат Наинбаев және қала тұрғындары Тұяшев, Сәкенова сотталды. 

Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін кінәлі деп танылды.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.