×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

1 наурыздан бастап: Қазавтожол қандай шектеу енгізілетінін айтты

1 наурыздан бастап: Қазавтожол қандай шектеу енгізілетінін айтты
Фото: Қазавтожол

2025 жылғы 1 наурыздан бастап ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШЕКТЕУ

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2025 жылғы көктемгі кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізілетінін хабарлады. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығының 19 тармағына сәйкес, республикалық автожолдарды қысқы мезгілден кейін сақтау мақсатында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін "бесінші жол климаттық аймаққа" жататын келесі сегіз облыста шектеу енгізіледі:

  • Алматы облысы
  • Атырау облысы
  • Жамбыл облысы
  • Ұлытау облысы
  • Қызылорда облысы
  • Маңғыстау облысы
  • Жетісу облысы
  • Түркістан облысы

Алайда келесі автокөліктердің түрлеріне бұл шектеулер қолданылмайды:

  • халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына;
  • төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге;
  • гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге;
  • жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге.
Серіктес жаңалықтары