×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Meta қазақ әндерін Instagram-нан жойған: әділет министрлігі бір шешім ұсынды

26.02.2025, 09:38
Meta қазақ әндерін Instagram-нан жойған: әділет министрлігі бір шешім ұсынды
Ulysmedia коллажы

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қазақ әндерін Instagram-ға қайтару үшін қандай қадам жасауға болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

2024 жылы күз айында орын қазақ әншілерінің музыкасы Meta платформаларынан жойылып кеткен. Министрдің айтуынша, бұл жайт ұжымдық басқару саласындағы кемшіліктерді айқын көрсеткен. Көптеген танымал әнші өзінің осы платформадағы шығармалары үшін сыйақы алмағанын айтып шағымданған.

Осыған орай, бұл саланы цифрландыру қажет. Авторлар мен өзге де құқық иеленушілерге барлық кезеңдерді онлайн форматта қадағалауын мүмкіндігін беру жоспарланып отыр. Яғни келісім-шарт жасау, сыйақы жинау, бөлу және төлеу кезеңдерін онлайн бақылау. Жалпы жасанды интеллект элементтері бар цифрлық платформаны енгізу мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар, талдау және есептілік жүйесін енгізу (мемлекеттік тізілімге енгізілген объектілер бойынша), тіркелген зияткерлік меншік объектілері бойынша іздеу жүйелерін жетілдіріп, мобильдік қосымшаны әзірлеу, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың  ақпараттық жүйелерімен интеграцияны кеңейту қолға алынады, – дейді ол.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕРІ НЕ ДЕЙДІ

Алматыда былтыр «Қазақстан авторлық қоғамы" РҚБ Instagram желісінен қазақстандық әртістердің әндері жоғалып кетуіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген. "Қазақстан авторлық қоғамы" Мета компаниясымен 2022 жылы жасалған келісімшарт мерзімі аяқталғанын, оны созу кезінде қазақстандық авторларға роялити төлеу мәселесі бойынша ортақ келісімге келе алмағанын айтқан еді.