×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

“Ақылдасып сұрасаңдаршы”. Әбенов өңірлердегі "Артспорт" туралы мәселе көтерді

“Ақылдасып сұрасаңдаршы”. Әбенов өңірлердегі "Артспорт" туралы мәселе көтерді
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Мұрат Әбенов өңірлердегі "Артспорт" жүйесі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Депутат Мұрат Әбенов өңірлерде “Артспорт” жүйесі реттелмегенін айтты. Оның сөзінше, қандай да бір өзгерістер жергілікті биліктің келісімінсіз жасалып отыратын көрінеді. 

- Жақында “Артспорт” бойынша Қызылордаға бардым. Мәдениет министрлігі бұл мәселені дұрыс реттемеген. 80 мың халқы бар Арал ауданында 200 адам ғана “Артспортқа” барады. Сонда ешқандай талап жоқ, стандарт жоқ. Тікелей министрлікпен жұмыс істейді. Сонда жергілікті билік “бір ауданда 6100 баланы қайдан алды, қай жерге барып жатыр, қай спорт залына, қандай жағдайда не үйретіп жатқанын білмейміз” дейді. Сондықтан өңірлер өзгерістер болса арасында “ақылдасып сұрасаңдаршы” дейді. Өңірлерде “Артспорт” ұйымдастыруды ақылдасып істедіңіздер ме деген сұрақ. Тексеріп бастап еді, 6100 орынның төрт мыңын жапты. Неге жапты? Әрине, бір шикілік бар сияқты, дейді Мұрат Әбенов. 

Асхат Аймағамбетов жұмыс тобы міндетті түрде облыстық мәслихаттардың депутаттары, комиссия төрағалары қатыстырылатынын айтты. 

-  Себебі жергілікті әкімдіктердің мәселесін есту біз үшін маңызды. Жер мәселесіне келетін болсақ үкіметтің қорытындысы бар. Қорытындыны дайындаған кезде тиісті келісуден өтті. Бұл жерде ешкім қатты артспорт сияқты шараны ойлап тауып жатқан жоқ. Ол бар мәселені жүйелендіру.

Мысалы мұражайлар тұр. Қарасақ мұражайда топырлап жүрген адамдарды көрмейміз. Көрші мемлекеттерге қарасақ олар тарих пәнін мұражайға барып береді. Сондықтан бұл жерде “Артспортқа” ұқсайтын, үлкен қаражатты талап ететін жүйе жоқ. Бұл бірінші кезекте әкімдіктердің өз шешімімен шығады. Міндеттейтін норма емес, дейді аймағамбетов.