×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Израиль мен ХАМАС төрт тұтқынның денесін қайтару жөнінде келісімге келді

26.02.2025, 14:02
Израиль мен ХАМАС төрт тұтқынның денесін қайтару жөнінде келісімге келді
Reuters

Израиль мен ХАМАС исламдық қозғалысы Израиль тарапының тағы төрт тұтқынның денесін қайтарып, 602 палестиндік тұтқынды босату жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ХАМАС өкілдері алдыңғы күні хабарлады. Сол күні-ақ бұл ақпаратты The Times of Israel онлайн басылымына берген сұхбатында аты-жөні аталмаған израильдік шенеунік растады.

Басылым дереккөзіне сүйенсек, тұтқындардың денесін тапсыру процесі Египеттің арағайындығымен 26 ақпанда жүзеге асырылмақ, деп жазады DW.

Бұған дейін Израиль "қорлайтын рәсімдерге" байланысты 600 палестиндікті босату процесін кейінге қалдырғаны хабарланған еді.

Айта кетейік, 17 қаңтарда келіссөздерге қатысушылар Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасында Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Бұл құжат сондай-ақ тұтқындарды босатуды да міндеттейді.