×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Жантүршігерлік көлік апаты: төрт адам қаза тапты

Бүгін, 19:55
Жантүршігерлік көлік апаты: төрт адам қаза тапты
Әлеуметтік желіден

Алматы – Астана автожолының 56-шақырымында көлік апаты болып, бір көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТӨРТ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апатында төрт адам қаза тапты. 

БОЛЖАМДАР

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Ford Mondeo көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Ford көлігі өртеніп кеткен.

Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. BMW жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Полиция алдын ала тергеуді бастады.