×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Күйеуі үшінші қабаттан лақтырған: Шымкентте үйдің ауласынан көпбалалы ана өлі табылды

Күйеуі үшінші қабаттан лақтырған: Шымкентте үйдің ауласынан көпбалалы ана өлі табылды
Фото: “Информбюро”

Шымкентте жеті баланың анасы бұрынғы күйеуі тұратын үйдің ауласынан өлі күйінде табылды. Марқұмның қыздары қайғылы жағдайға туған әкелерін кінәлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

31 арнананың “Информбюро” жаңалықтар қызметінің мәліметінше, ер адам 42 жастағы әйелі Шолпан Ақмырзаны соққыға жығып, үшінші қабаттан лақтырып жіберген. Бұл сұмдықтың бәріне кәмелет жасына толмаған екі баласы куә болған.

Қазір полиция күдіктіні қамауға алып, тергеп жатыр. 

ҚАРА ЖАМЫЛҒАН ОТБАСЫ

- Мен өзі өлгеніне сенбеймін. Үшінші этаждан секіргеннің өзінде де ондай жарақаттар болмайды. Інімнің айтып тұрған сөзіне мен сенемін. Ұрған, сүйреген, терезеден лақтырып жіберген дейді. Одан алдын да бізде күнде ұрыс-керіс болатын. Анам 2020-да заңды түрде ажырасса да адресімізді біліп күнде тықылдатып тұрып кіретін, дейді марқұмның қызы Перизат Қалдарбек. 

Туыстарының айтуынша, көпбалалы ана ажырасқан күйеуімен татуласып, үйіне барыпты. Арада бір күн өткенде қаралы хабар жеткен деп отыр. Яғни, әйел үшінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді. Алайда марқұмның жақындары бұған сенбейді. Себебі, кәмелет жасына толмаған балалары болған жайтты айтып берген.

- Төрт жасар баласы айтып отыр. Гантельмен басын ұрып-ұрып құлады. Одан кейін қашып бара жатқанда тізесінен тағы гантельмен ұрды. Мына қашқан аяғың ба деп. Құлаған адамға ұқсамайды. Әбден білгенін істеп, ұрып-ұрып, денесіне отвертка тыққан, пышақ тыққан денесінің бәрін көгала қойдай қылып тастаған, дейді марқұмның әпкесі Ақмарал Ақмырза. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғап, 47 жастағы күдіктіні қамауға алдық деп қысқа қайырды.

- Әйелдің өлім жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда осы жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті қамауда отыр. Бірақ қара жамылған отбасы іс "адам өлтіру" бабымен тергелсін деп отыр, дейді Шымкент қаласы ПД өкілдері. 

Шолпан Ақмырза жолдасымен 22 жыл бірге тұрған екен. Бірақ ерлі-зайыптылар түсінісе алмай, төрт жыл бұрын екі жаққа кеткен. Жалдамалы пәтерде тұрған әйел сауда жасап, нәпақа тапқан дейді ағайын-туысы. Марқұмның үлкені 22-де, кішісі 2 жаста екен.