Азамат Сағатұлы Жолманов президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды.
Ашық дереккөздегі ақпараттарға сай, Жолмановтың мемлекеттік басқару саласында 10 жылдам астам еңбек өтілі бар.
Еңбек жолын ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған. Одан кейін мемлекеттік басқару академиясының ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті директоры лауазымдарын атқарған.
2022 жылғы 7 ақпаннан бастап агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды.