Маңғыстау облысында 200 адам қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ
ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 200-ге жуық адамды құтқарды.
Бүгін Маңғыстау облысында Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ауа-райының нашарлауына байланысты қар құрсауында бірнеше автокөлік тұрып қалды.
ТЖМ құтқарушылары 198 адам мінген 71 көлікті сүйреп шығарды. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
АУА РАЙЫ
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.
27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында секундына 30 метр және одан да көп қатты жел соғуы мүмкін.
Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 аязға дейін, солтүстікте 15-25 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 аязға дейін, батыста ауа температурасының негізгі фоны 5-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.