×
501.49
525.71
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.49
525.71
5.77

Блогерлер Семейде қатарластарынан итше таяқ жеген баланың суретін жариялап жіберген

Блогерлер Семейде қатарластарынан итше таяқ жеген баланың суретін жариялап жіберген
видео кадры

Кейбір блогерлер Семейде қатарластарынан итше таяқ жеген баланың суретін жариялап жіберген. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИДЕО

Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Семей қаласында жасөспірімдердің кәмелетке толмаған балаға күш көрсеткені түсірілген видео тарап кеткен. Комитет бұл жағдайды одан әрі ушықтырмау және балаға қосымша моральдық зиян келтірмеу үшін аталған бейнематериалды таратуды тоқтатуға шақырды.

- Ерекше алаңдаушылық тудыратын жайт – кейбір блогерлер зардап шеккен баланың фотосуреттерін жариялап жатыр. Мұндай әрекеттер баланың психологиялық жарақатын тереңдете түседі. Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті аталған жағдайды алғашқы күннен бастап қатаң бақылауда ұстап отыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылды. Оқиға орнында бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр. Барлық кәмелетке толмаған азаматтардың құқықтары мемлекеттік деңгейде қорғалған және кепілдендірілген, делінген хабарламада.

ЕСКЕРТУ

ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 14-бабы, 5-тармағына сәйкес, зардап шеккен балалардың жеке басына қатысты және биометриялық деректерін, оның ішінде олардың фотосуреттері мен жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін кез келген ақпаратты таратуға тыйым салынады.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Еске салсақ, Семейде аса қатыгездікпен жасалған оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. 24 ақпанда әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің баланы жерге құлатып, тепкілеп, оның басынан теуіп, үстіне секіріп, түрлі жолмен қорлаған видеосы тарады.

Абай облысының полиция департаменті оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ оқиғаны ерекше бақылауға алғанын хабарлады. Барлық қатысушылар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген, ал зардап шеккен жасөспірімге қажетті көмек көрсетілген.

ХАЛЫҚ ТАРАПЫНАН КӨМЕК

Семейде аяусыз соққыға жығылған балаға халық 24 млн теңге жинап берді. Бұл туралы Абай облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова мәлімдеді.