"Наурыз" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 5 наурызда басталады. Бағдарламаның операторы – Отбасы банк. Өтінімдер 31 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Негізгі талаптар:
Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасында өз меншігінде тұрғын үйі болмауы керек;
Соңғы алты ай ішінде ресми кірісі болуы қажет.
"НАУРЫЗ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ
Бастапқы жарна – 20%-дан бастап;
Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар үшін мөлшерлеме – 7% (ЖТСМ – 7.3%-дан 8.9%-ға дейін);
Қалған санаттар үшін мөлшерлеме – 9% (ЖТСМ – 9.3%-дан 11.8%-ға дейін);
Кредит мерзімі – 19 жылға дейін;
Максималды қарыз сомасы:
Алматы және Астана қалалары үшін – 36 млн теңгеге дейін;
Басқа өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін;
Несие сомасының 20%-ына дейін жөндеу жұмыстарына қаражат қосуға болады.
"НАУРЫЗ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ
Міндетті талап – Отбасы банкінде депозиттің болуы. Депозитті өтінім беру алдында ашуға болады;
Депозиттегі ең төменгі сома – 2 млн теңге. Бұл сомадан аз депозиттер өтінім беруге жарамсыз.
ИПОТЕКАЛЫҚ "НАУРЫЗҒА" ҚАЛАЙ ӨТІНІМ БЕРУГЕ БОЛАДЫ
Өтінімдер жұмыс күндері 9:00-ден 21:00-ге дейін онлайн қабылданады;
Отбасы банкінің сайтына кіріп, Baspana Market бөлімінде авторизациядан өтіңіз;
"Менің өтінімдерім" бөлімінде "Наурыз" бағдарламасын таңдап, "Өтінім беру" түймесін басыңыз;
Бағдарлама шарттарымен танысып, тұрғын үй сатып алатын өңірді және өтінім беру сәтіндегі тұратын өңірді таңдаңыз;
Шарттармен келісіп, "Жалғастыру" түймесін басыңыз;
Депозитті таңдап, келісіміңізді растаңыз;
Телефон нөміріңізге келген SMS кодты енгізіңіз;
Жеке мәліметтеріңізді тексеріп, растаңыз;
Мемлекеттік базалар арқылы өтініш беруші мен жұбайының меншік құқығы тексеріледі;
Банк тарапынан тұрғын үйге тексеріс жүргізіледі (үш жұмыс күнге дейін созылуы мүмкін);
Сәтті тексерістен кейін "Растау" түймесін басыңыз;
Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтінімді растаңыз. Өтінім қабылданды.
КІМДЕР ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ
Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар;
Жұмыс істейтін жастар;
Жас отбасылар;
Тұрғын үй төлемдерін алушылар;
Отбасы банкінің салымшылары;
Моноқалалар, аудандық орталықтар мен ауылдық елді мекен тұрғындары.