×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бүгін, 07:20
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Ulysmedia коллажы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоқаев құттықтауында Рамазан айы – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең екенін, Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптелетінін жазды. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылатынын, мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алатынын атап өтті.

Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.

Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік! Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Ниет қабыл болсын! – делінген құттықтауда.

БАСТЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас мүфти Наруызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы қарсаңында көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берген еді. 

Ортақ пәтуаға сәйкес, биылғы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.