Қазақстанның Ресейдегі елшісі Даурен Абаев Ақтаудағы ұшақ апатының тергеу амалдарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz “РИА Новостиге” сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшақ апатын тергеуге Әзірбайжан, Ресей және Бразилияның мамандары жұмылдырылған.
Дипломаттың айтуынша, тергеу Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стандарттарына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Бізде жасыратын ештеңе жоқ. Біз объективті, ашық және транспарентті тергеуді қолдаймыз, – деп атап өтті Абаев.
Елші Қазақстанның Көлік министрлігі жариялаған есептің алдын ала қорытынды екенін және ол кінәлілерді анықтауға арналмағанын жеткізді. Тергеудің түпкілікті қорытындысы 2025 жылдың желтоқсанында жариялануы мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында Бакуден (Әзірбайжан) Грозныйға (Ресей) бет алған әзірбайжандық «Az Airlines» әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы құлап, бірнеше адам қаза тапқан.